KZ
Өскемен
+24°
переменная облачность жел 7 м/с, Ю
443.44 480.51 4.88

ШҚО-да шабындықтан шөп ұрлайтындар пайда болды

20.08.2019, 05:17 173

Семейде біреудің шауылып, түктеліп дайын тұрған шөбін ұрлағандар анықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Полиция бөліміне шағымданған адамның айтуынша, Семей – Абай ауданы тас жолының бойындағы шабындығынан даярлап қойған шөбінің 100 шақты орамасы жоғалған. Айтуынша, шығын мөлшері 35 мың теңге.

Тәртіп сақшылары болған оқиғаны бейнекамерадан көріп, ұрлағандарды анықтады. Олар 1960 және 1980 жылы туған ағайынды адамдар екен.

Шөп иесіне қайтарылды. Күдіктілердің үстінен Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив