Өскемен полицейлері былтыр жоғалған қайықты биыл тапты
Өскеменнің полицейлері жедел іздестіру іс-шарасы бойынша былтыр жоғалып кеткен қайықты биыл тапты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Полиция басқармасының Үлбі аудандық бөлімінің қызметкерлері былтырғы ұрлықтың бетін ашты.
Былтыр тап осы уақытта, нақты айтсақ, тамыз айының бірінші жұлдызында 47 жастағы қала тұрғыны гаражынан моторлы қайығы жоғалғанын айтып, тәртіп сақшыларына шағым түсірген-ді. Шығын мөлшері 1 миллион теңге деп көрсеткен және.
Қазіргі уақытта аталған іске байланысты 25 жастағы күдікті ұсталды. Айғақ деректер де алынғанын айтады тәртіп сақшылары. Үстінен ұрлық ісі бойынша қылмыстық іс қозғалыпты.