KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 4 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

«ҰБТ-дан бөлек тест тапсырады» – Семей медициналық университетіне түсу үшін

3.07.2019, 06:27 184

Семей медициналық университетіне түсу үшін қандай сынақтардан өту керек? Жуықта осы мәселеге қатысты жиын өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Биыл аталмыш оқу орынына түсемін деушілер ҰБТ-дан бөлек психометриялық емтихан тапсырады. Осы сыннан сүрінген абитурент, ҰБТ-дағы ұпайы жоғары болса да, оқуға қабылданбайды.

– Абитуриенттер психометриялық емтихан – 257 сұрақтан тұратын тест тапсырады. Ол 8-13 шілде (ақы төлеп оқушылар үшін 15 шілде-25 тамыз) аралығында болады. Осылайша олардың медицина саласына дайындығы: төзімділік, сабырлылық, салқынқандылық, әділдік және ептілігі сыналады. Тест қорытындысын кәсіби психологтар шығарады. Қазіргі таңда еліміздегі барлық медициналық оқу орынына осы жүйе енгізіліп жатыр, – дейді университеттің ректоры Ерсін Жүнісов.

Бір айта кетерлігі, психометриялық емтиханды шетелден келген абитуриенттер тапсырмайды.

– Шетелдік студенттерге қатысы жоқ бұл сынақтың. Олар оқуға бұрынғыша қабылданады, – деді Марат Жанаспаев, академиялық жұмыстар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу