KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
495.95 524.37 4.98

Ұландағы Шыбындыкөл және Манаттың жолын жөндеу мәселелері қарастырылып жатыр

2.07.2019, 06:20 128

 Облыс орталығының іргесінен орын тепкен Ұлан ауданында туризмді дамыту бағытында бірқатар ірі жобалар іске асырылуда, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Атап айтар болсақ, Дұбығалы көлінің жағасында 60 орындық демалыс базасын салу жоспарланып отыр. Былтыр осы көлде тоқсан орындық «Окуньки» қонақ үйі ашылып, «Қараша» демалыс базасын абаттандыру жұмыстары аяқталған болатын.

– «Топаз» серіктестігі екі миллиард теңгедей өз қаражатына Қоржынкөлде (төртінші Сібе көлі) «Жібек жолы» қонақ үйі кешенін салып жатыр. Нысан 2025 жылы толықтай пайдалануға берілуі тиіс. Ал «Елдос» шаруа қожалығы Аблакетка су қоймасында спорттық балық аулау клубын ашпақшы, – дейді  аудандық әкімдік мамандары.

Сондай-ақ алдағы үш жылдың ішінде Садыркөлде 40 миллион теңгенің 100 төсек-орындық демалыс базасы салынатын болады.

Мемлекет өз тарапынан Дұбығалы мен Шыбындыкөлге апаратын автокөлік жолдарын салмақ ниетте. Қазіргі кезде құрылыстың жобалық құжаттамалары әзірленіп жатыр. Мұнымен қоса, Манат ауылына дейінгі жолды жөндеу қарастырылған, аталмыш жол Аюда демалыс базасына апарады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу