KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
495.95 524.37 4.98

Ұлан ауданындағы Қоржынкөлде мейрамхана кешені салынады

4.12.2019, 11:32 124

Сібе көлдерінің топтамасының 4-ші көлі – Қоржынкөлде «Жібек жолы» мейрамхана кешенінің құрылысы жалғасуда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Ұлан ауданы әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен өткен брифинг барысында айтылды.

Жобаның жалпы құны 2,0 млрд теңге, оның 200 млн теңгесі игеріліп қойған. Бүгінгі күні 50 орындық қонақ үй, 90 орындық асхана, жаздық және қыстық үлгідегі күркелер, судағы демалыс күркелері, екі таудың ортасына арқанжол орнатылды. Сондай-ақ, 120 орындық кафе құрылысы жүргізілуде.

Одан бөлек, аудандағы Дулығалы көлінде «Мұзтау» ЖШС жалпы құны 35,0 млн теңге болатын демалыс үйлерінің құрылысын жоспарлап отыр. Садыркөлде 100 төсек-орынды демалыс базасы салынады. Ал «Аблакетка» су қоймасында спорттық-әуесқойлық балық аулау клубын ашу бойынша жоба қазір жүзеге асырылуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу