Шыбындыкөл мен Аюдаға апаратын жолдар жөнделеді
Ұлан ауданындағы туристік орындар Шыбындыкөл мен Аюдаға апаратын жолдар жөнделеді. Бұл туралы аудан әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өткен жылы ауданға келген саяхатшылар саны 32,0 мың адамды құраған екен. Бұл көрсеткіш биыл 30 пайызға артқан.
Инфрақұрылымды жақсарту үшін Шыбындыкөл және Дулығалы көлдеріне дейін автокөлік жолдарын салу үшін құжаттамаларды әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Оған облыстық бюджеттен қаражат та қарастырылып қойған.
Сонымен қатар, аудандағы тағы бір танымал демалыс базасы «Аюдаға» Манат ауылы арқылы апаратын жолдың мәселесі де 2021 жылға дейін шешімін таппақ.
- Манат ауылына дейінгі жолды жөндеу жұмыстары бойынша құжаттамалар алдағы уақытта әзірленетін болады, - деді аудан басшысы.