Семейде спидкуберлер 10 мәрте рекорд жаңартты
ТМД-ның үздік спидкубингерлері жарысқан сайыста алматылық Асылбек Ерсінов 2 секунд 67 мс аралығында кубикті жинап үлгерді деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Семейде өткен «SemeySummerFest» фестивалі аясында Кубик Рубиктен халықаралық жарыс өтіп, оған Ресей, Белоруссия, Украина спидкуберлері қатысты. Екі күнге созылған чемпионатта спидкуберлер 10 мәрте рекорд жаңартты.
Мәселен, Алматы қаласынан келген спидкубер Асылбек Ерсінов 2 секунд 67 мс., ішінде кубик текшесін тез жинап, үздік нәтиже көрсетті. Ресей, Украина, Белоруссия спортшылар оған жете алмады.
Орталық алаңда спидкубингтен басқа шахмат ойнаушылар, кітап оқушылар да жайғасты. Тоғызқұмалақ та өтті. Асық ойнаушылар тіптен көп болды. Футбол алаңы фристайлінде дотарды шебер бағындырушылардың сайысы өтті. Ал көше музыканттары бұл күндері Семейдегі туристердің басын қосып, жанды музыка қаланы жаңғыртты.
-Фестиваль қала тұрғындарының өтінішіне орай, әкімдіктің қолдауымен өтіп жатыр. Бұған біз бір ай дайындалдық. Фестиваль бірінші рет өтіп отырса да, енді жыл сайын жалғасын табады деп сенеміз. Алдағы уақытта басқа да елдерден спортшылар қатысатын болады,-деді ұйымдастырушы Арман Машимов.
Сонымен Семей тұрғындары «Керемет суретші», «Иллюзионистер шоуы», «Роботтар соғысы» сияқты ерекше шараларды тамашалады. Және қаладағы DJ –лер би кешін өткізді.