KZ
Өскемен
-12°
туман Штиль
498.34 519.72 4.85

Әлем бойынша спидкуберлер ең көп шоғырланған қала Шығыс Қазақстанда

8.07.2019, 08:18 108

Семей – әлемдегі Рубик текшесінің шеберлері ең көп шоғырланған қала. Мұнда заңды түрде тіркелген 700 спидкубер тұрады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Бір жарым жыл бұрын дүниежүзілік спидкубинг ассоциациясының тіркеуінде 16 отандасымыз ғана болған. Еліміз 107-орында еді. Қазір 30-орынға көтерілді, – дейді еліміздегі спидкубинг федерациясының басшысы Арман Машимов.

Басқатырғышты құрастырудың түрлі тәртібі бойынша рекорд бұзған отандастарымыздың 90%-ы дерлік Семейде тұрады. Сондықтан бұл қала еліміздегі спидкубингтің астанасы саналады.

– Мыңдаған спидкубердің басын қосып, қаланың қақ ортасында жарыс өткізсек тамаша болар еді. Рекордтар кітабына енеріміз хақ. Одан кейін бұл рекордты бұзу басқаларға оңай болмасы анық, – деп, Арман өзінің арманын айтып берді жуықта өткен баспасөз жиынында.

Оның ойынша, тоғызқұмалақ пен асық сынды ұлттық ойындарға да жақсылап көңіл бөліп, осындай биік деңгейге жеткізуге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу