KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 1 м/с, С
530.12 546.08 5.17

Арысқа Шығыстан көмек лек-легімен ағылып жатыр

28.06.2019, 11:24 251

«Казцинк» компаниясы Арыстағы қиын жағдайға душар болған ағайынға 50 миллион теңге көлеміндегі қаржылай көмек көрсетіпті. Бұл қаражат негізінен аталмыш шаһардағы қираған үйлерді қалпына келтіруге бағытталмақ.

– Қазірдің өзінде еліміздің барлық өңірінен Түркістан облысының бір шетінде орналасқан шағын ғана қалаға қарай көмек керуенінің лек-легімен ағылып жатқанын көрудеміз. Әрине, сын сағатында жұдырықтай жұмыла білген халықтың бұл әрекеті көңіл қуантады. Түркістан облысында «Казцинк» бөлімшелері жоқ болса да, айтпай келген апаттан зардап шеккен отандастарымызға еш ойланбастан көмек қолын создық. Өйткені, біз біртұтас елміз, – дейді «Казцинк» компаниясының әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев.

Аталмыш игі істе облыстық Полиция департаменті де белсенділік танытып, арыстықтарға жүйелі түрде көмек көрсетуде. Құқыққорғаушылар арнайы есепшотқа бір күндік еңбекақысын (үш миллионнан астам теңге көлеміндегі қаражат) аударып, үш тонна азық-түлік пен гигиеналық заттар жинап берген. Сонымен қатар, департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, аудандар мен қалалардағы аумақтық бөлімшелер аталмыш мақсатқа 20 миллион теңге аудармақ екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу