KZ
Өскемен
+1°
туман жел 4 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Сын сағатында көмек қолымызды созу азаматтық парызымыз - Даниал Ахметов

25.06.2019, 08:23 259

Облысымызда Арыс қаласының тұрғындарына көмек көрсету мақсатында арнайы жұмыс штабы құрылды. Оны облыс əкімі Даниал Ахметов басқарады. Бұл туралы бүгін аймақ басшысының қатысуымен өткен арнайы брифинг барысында белгілі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Айта кетейік, брифингке мемлекеттік органдар мен ірі кәсіпорындардың басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды. Ондағы мақсат – апаттан зардап шеккен Арыс қаласының тұрғындарына барынша көмек көрсету. Мұны жерлестеріне үндеу тастаған аймақ басшысы Даниал Ахметов те айтты.

– Бұл – тек арыстықтардың ғана емес, бүкіл Қазақстан халқының басына түскен ауыр сынақ. Осындай сын сағатында ауызбіршілік танытып, отандастарымызға көмек қолын созу азаматтық парызымыз болып табылады. Сол себепті, бүгінгі жиынға мемлекеттік қызметшілермен қатар, бизнес өкілдері мен журналистерді де шақырдым. Жерлестеріміз арыстықтардың қайғысына бейжай қарамайды деп сенемін. Кәсіпорын басшылары өз ұжымдарымен кездесіп, әріптестерін қиын жағдайға душар болған ағайынға жәрдемдесуге шақыруы тиіс. Тек мәжбүрлеу дегеннен аулақ болыңыздар. Барлық жұмыс ерікті түрде жүргізілуі керек. Қазір апаттан зардап шеккен отбасылардың балаларын Шығыс Қазақстандағы лагерлерде демалту мәселесін қарастырудамыз, – деген облыс әкімі, Арыс қаласының басқа да тұрғындары назардан тыс қалмайтынын мәлім етті.

Аймақ басшысы Түркістан облысының халқына материалдық және гуманитарлық көмек көрсету жұмыстары жүйелі, әрі жариялы жүргізілуі тиіс екенін айтып, бұл іске жауапты облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына бірқатар тапсырма берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу