Өскеменде 42 жастағы адам 9-қабаттан секіріп кетті
Өскеменде 42 жастағы ер адам үйдің 9-қабатынан секіріп қаза тапты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қайғылы оқиға 27 маусым күні таңертеңгі сағат 6:30 кезінде, 30-шы Гвардиялық дивизия көшесінде болған.
– 42 жастағы еркек 10 этаждан құлап, оқиға орнында көз жұмған. Қала тұрғынының неге мұндай қадам жасағаны әзірше белгісіз, – дейді Өскемен полиция басқармасынының баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК «Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдры басталды.
Оқи отырыңыз