KZ
Өскемен
-18°
небольшая облачность жел 3 м/с, СБ
514.31 603.03 6.4

Өскеменде Отырар қаласының 800 жылдығына орай көрме ашылады

27.06.2019, 04:44 533

Өскеменде Отырар қаласының 800 жылдығына орай көрме ұйымдастырылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Көрме ертең сағат 15:00-де облыстық тарихи-өлкетану мұражайында (Қасым Қайсенов көшесі, 40) болады.

Көрмеде ерте ортағасырға тән археологиялық, нумизматикалық, этнографиялық жәдігерлер, тарихи маңызды құжаттар және суреттер қойылады.

Сондай-ақ мұражай қызметкерлері сол шаһарда дүниеге келген әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фараби және қалаға шапқыншылық жорықтар жасаған моңғол әскерлері жайында әңгімелеп береді.

Көрме бір ай көлемінде жалғасатынын айта кетейік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу