Арыстағы жағдайға байланысты "Семей-Қызылорда" пойызы уақытша тоқтатылды
Бүгін Семей-Қызылорда бағыты бойынша пойыз жүрмейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Семей теміржол вокзалының мәлімдеуінше, бағыттың уақытша тоқтауына Арыс қаласындағы төтенше жағдай түрткі болған. Барлық билет алған жолаушылар өз ақшаларын кері қайтара алады.
– Кешеден бері, яғни 26 маусымнан бағыт жабылды. Адамдар біртіндеп билеттерін өткізіп ақшаларын алып жатыр, – дейді, теміржол қызметкерлері.
Сондықтан бүгінге кетемін деп жоспар құрғандар, билеттеріңізді өткізіп, басқа амалын іздей беріңіздер.
Оқи отырыңыз