Елімізде тағы бір жаңа мереке пайда болды
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі Үкімет қаулысымен бекітілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
"Үкіметтің 2017 жылдың 31 қазанындағы қаулысына келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі тиіс. 17 мамыр – ақпарат және байланыс қызметкерлерінің күні, 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесі", - деп жазылған қаулыда.
Бұл қаулы ресми түрде жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
Естеріңізде болса, бұдан бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметке арнайы тапсырма бергенін жазған едік.
Оқи отырыңыз