KZ
Өскемен
+20°
переменная облачность жел 5 м/с, З
441.8 480.02 4.88

Қазақстанда Радио күні пайда болды

27.09.2021, 15:39 179

Үкімет 2021 жылғы 13 тамыздағы қаулысымен Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесіне толықтыру енгізді.

Атап айтқанда, 1 қазан – Радио күні болып бекітілді.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Биыл жазда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдерін төл мейрамымен құттықтау кезінде радио қызметкерлерінің кәсіби мерекесі жоқ екеніне назар аударды.

Президент Қазақ радиосының 100 жылдығы аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп ресми түрде бекіткен жөн деп санайтынын жеткізді.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив