KZ
Өскемен
-1°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

Көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың несие қарызын кешіріледі

26.06.2019, 10:28 270

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыр жағдайға тап болған отбасылардың несиелерін борыш жүктемесін азайту жөнінде қаулы шығарды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қаулының толық мәтіні Ақорда сайтында жарияланып отыр.

"ҚР Үкіметі бір жолғы тәртіппен екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарында кепілзатсыз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті келесі талаптарда өтеу жөнінде шаралар қабылдансын:

1) көп балалы отбасылар, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, 18 жастан асқан бала жасынан мүгедектер, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар аталған қарыздар бойынша борышкерлер болып табылады;

2) 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қарыз бойынша жалпы берешек 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды;

3) 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борыш пен ол бойынша есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешектің мөлшері бір қарыз алушыға 300 000 (үш жүз мың) теңгеден аспайды", - деп жазылған аталмыш қаулыда.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке және Ұлттық Банкке мынандай тапсырмалар берді: 1) 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банктерде және микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық қарыздары бар Қазақстан азаматтарына есептелген айыппұлдар мен өсімдерді есептен шығару жөнінде шаралар қабылдасын;

2) Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент және облыстардың әкімдерімен бірлесіп, осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын;

3) Ұлттық банк қаржы ұйымдарының жауапкершілігін күшейту жөніндегі реттеушілік сипаттағы шаралар кешенін қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне шектен тыс тәуекелдерді алған қаржы ұйымдарының жауапкершілігін күшейту бойынша:

1)  мерзімі өткен берешегі 90 күннен асып кеткен жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша кредитті берумен және оған қызмет көрсетумен байланысты  тұрақсыздық айыбын, комиссиялар мен өзге де төлемдерді есептеуге тыйым салуды;

2) табысы күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыздар беруге тыйым салуды;

3) кепілсіз тұтынушылық қарыздарды беру кезіндегі реттеудің қосымша шараларын көздейтін реттеушілік сипаттағы қатаң шаралар қабылдасын.

Жарлықтың орындалуын ҚР Президентінің Әкімшілігі бақылайтын болады.  Жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу