KZ
Өскемен
-42°
плотный туман жел 1 м/с, С
512.16 594.72 6.57

ШҚО-ның бір ауданындағы кәсіпорын дәрігерлерге сужаңа көлік алып берді

25.06.2019, 04:53 281

 

Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорыны Әуезов кентінің емханасына жедел жәрдем көлігін сыйлады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Бұл кәсіпорын біздің мерекемізді ешқашан ескерусіз қалдырған емес. Алдыңғы жылдары мекемеге жөндеу жұмысын жүргізіп, құрал-жабдықтар алып берген-ді. Осыған дейін пайдаланып келген жалғыз көлігімізді де солар сыйлаған, – дейді Шар қалалық емханасының бас дәрігері Айбек Қарсақбаев. Әуезов кентіндегі аурухана Шар қаласына қарайтынын айта кетейік.

Бас дәрігер сөзінше, енді бұрынғы көлік Әуезов, Шалабай, Солнечный сынды ауылдар арасында қатынаса, сужаңа «Газель» науқастарды облыс орталығы мен Шар қаласына тасымалдайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу