Аудан әкімінің орынбасары ҰБТ-да жоғары ұпай алу үшін мектептерден ақша жинаған
Павлодар облысының Баянауыл ауданында ҰБТ-да оқушыларды жоғары ұпаймен қамтамасмыз ету үшін үш миллионан астам теңге жиналған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Today.kz сайтына сілтеме жасап.
Мамыр айынның аяқ кезінде Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары мектеп директорларына 100-200 мың теңгеден жинауды тапсырады. Жиналған қаражатты Ұлттық тестілеу орталығының өкілдеріне өткізіп, аудандағы оқушыларға жоғары ұпай алып бермек болған.
Бұл әрекеті үшін шенеунікке қатысты тәртіптік іс қозғалып отыр. Анықталғандай, бұл мақсатқа 3,4 миллион теңге жиналыпты. Әкімнің орынбасарының сөзінше, ол ҰБТ-да жоғары ұпай алу арқылы ауданның рейтингін көтермек болған. Жиналған қаражат қайтадан мектеп директорларына қайтарылғандықтан, мемлекеттік қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған екен. Сондай-ақ, ол қызметінен де босатылған жоқ. Әдеп бойынша кеңестің шешімімен, аудан әкіміне сөгіс жарияланды.