KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 2,6 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

Күршім ауданында сынып жетекшісі оқушылардан ақша жинаған

12.06.2019, 06:55 173

Күршім ауданында мектепте оқушылардан ақша жинау фактісі бойынша ата-аналар шағым түсірген. Оған қатысты тексеру жүргізіліп, екі қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабаралайды Алтайньюс тілшісі.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша депртаментінің мәліметі бойынша, оқиға Күршім ауданының № 3 мектеп гимназиясында болған. 9-шы сынып жетекшісі ата-аналардың ортақ чатында облыстық комиссияның жұмысы үшін ақша жинауға шақырған.

Бұл факті бойынша арнайы тексеру жүргізіліп, сынып жетекшісі мен мектеп директорының ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары тәртіптік жауапкершіліке тартылып отыр.

Айта кетсек, мұндай шағымдарды департаментке келесі телефон нөмірлері арқылы түсіруге болады: 8-708-60-42-151 (WhatsApp), 8(7232)76-51-26, 76-51-17.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив