Әкімшілік хаттама толтыру үшін. Өскеменнің полицейлеріне бір-бір планшет
Өскемендік полицейлер кәсіби мерекелерінде планшет алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
23 маусым күні қаладағы тәртіп сақшыларына арнайы мерекелік концерт ұйымдастырылды. Шара барысында қызметте жақсы нәтиже көрсеткендер мақтау қағаздарымен марапатталды.
Қала әкімі Жақсылық Омар полицейлерді құттықтап, 15 планшетке сертификат ұсынды.
Айтпақшы, планшеттер әкімшілік хаттама толтыру үшін берілген екен.
Оқи отырыңыз