KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Жүк салмағын межеден асырып тасымалдайтындарға шара қолданылады

22.06.2019, 05:42 111

Өңірде жүк салмағын межеден асырып тасымалдайтындарға шара қолданылады. Бұл автокөліктерді қолдану кезінде межелі габарит параметрлерін бұзатындар бар деген сөз емес. Бұл жөнінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары Абай Абатов хабарлады.

Бүгінде облыста инспекция бастамасымен карьер самосвалдарының жүк тасымалдауын бақылауға бағытталған әрекеттер алгоритмі жасалып, салмақ габаритінен асыра жүк тасымалдайтын көліктерді бақылайтын жедел жұмыс тобы құрылған.

– Мұнда жүргізушілерді анықтау және олардың заңға қайшы әрекеттерінің алдын алу  мақсатында инспекция мамандары белгілі бір жұмыстар жүргізеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде  өткен жылы рұқсат етілген габариттік меже мен салмақ талабын бұзған 81 тасымалдаушыға қатысты әкімшілік іс қозғалып, 11808550 теңге көлемінде айыппұл өндірілді. Сондай-ақ 28 жүк жіберушіге қатысты іс қозғалып, нәтижесінде 2222000 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Абай Абатов.

Оның айтуынша, биылғы жылдың осы кезеңіне дейін осындай 106 хаттама толтырылып, салынған айыппұл мөлшері 19 миллион теңгеден асып жығылған.

– Алдағы уақытта отандық және шетелдік тасымалдаушылардың автокөлікті қолдану кезінде межелі габариттік және салмақ параметрлерін сақтауына бағытталған бақылау шаралары жалғасын табатын болады, – деп қосты Абай Жуатұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив