KZ
Өскемен
-25°
плотный туман жел 1 м/с, С
514.31 603.03 6.4

Бүгін мұнайдың бағасы тағы көтерілді

22.06.2019, 05:28 731

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы айтарлықтай көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондондағы ICE Futures биржасында тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 0,65 долларға қымбаттап, 65,35 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) шілде айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай құны 0,36 долларға көтеріліп, бір баррелі 57,43 доллар болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу