«Кәуап жеген аю тағы келді». Риддердегі демалыс базасында түсірілген видео пайда болды
Риддерде демалушылардың дайындаған кәуаптарын аю жеп кеткені туралы жазған едік. Кәуап жеп, дәметіп қалған маймақ аң енді демалыс базасына жиі келіп жүр. Жанына тағы бір аюды ертіп алыпты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада бір топ жас демалу үшін үй жалдап, кәуап әзірлеген. Алайда, астары өздеріне емес, аюға бұйырған еді. Кәуап ұнаған болуы керек, қорбаңдаған аюды демалыс орнынан шығару қиынға соққан.
Демалушылардың айтуынша, мұнда қазір екі аю келеді екен. Бас кезінде түнгі уақытта жүретін аюлар енді демалыс базасында күндіз де еркін ойқастайтын болыпты. Олар адамдардан қалған тамақтарды жеп, қоқыс жәшіктерін қопарып жүр.