KZ
Өскемен
-15°
пасмурно жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Семейде көлік жуатын жерде автокөлікті тонап кетті

13.06.2019, 06:32 224

Семей қаласының 19 жастағы тұрғыны көлік жуатын жерде автокөлігін біреулер тонап кеткенін айтып, полицияға шағымданды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оқиға қаладағы автожуу орындарының бірінде болған. Жігіт "Приора" маркалы автокөлігін жууға қалдырып, өзі жұмыстарымен кетіп қалған. Көлігін алуға келгенде, автомобильдің қобдишасындағы әмияннан 160 мың теңге жоғалғанын аңғарады.

Ол бірден полицияға шағымданған. Оқиға орнында жүргізілген шаралардың барысында көлік жуатын жердің 20 жастағы қызметкері күдікті ретінде қамауға алынды.

Күдікті өз кінәсін толық мойындап отыр. Қазір сотқа дейінге тергеу амалдары жүргізілуде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу