KZ
Өскемен
-12°
плотный туман Штиль
498.55 524.28 4.75

ШҚО-да кене энцефалитінің 9 жағдайы тіркелді

4.08.2020, 09:02 276

Облыста мамыр айынан бері кене энцефалитінің 9 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ақпараты бойынша, эпидемиологиялық маусымның басынан бері медициналық мекемелерге кене шаққан 3507 адам қаралды. Кене шағу жағдайлары Глубокое, Зайсан, Көкпекті, Ұлан, Шемонаиха, Алтай аудандары мен Риддер, Өскемен қалаларының маңында тіркелген.

Биылғы мамыр айынан бері кене энцефалитінің зертханалық түрде расталған 9 жағдайы анықталыпты. Одан бөлек Зайсан, Катонқарағай, Алтай аудандары мен Риддер, Өскемен, Курчатов қалаларында кене боррелиозының 6 жағдайы тіркеліп отыр.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу