KZ
Өскемен
-7°
туман жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

2019 жылы қазақстандықтар қай елдерге визасыз бара алады?

5.06.2019, 05:32 199

Шетелдерге саяхатқа шыққанда виза рәсімдеуге біршама уақыт кететіні белгілі. Бірнеше күн бойы құжаттарды жинақтап, кезекте тұру керек. Осылай әуре-сарсаңға салынып жүрген кезде, кей елдердің виза бермей қоюы ғажап емес. Мұндайда қазақстандықтар үшін визасыз режим орнатылған бірқатар елдерге жол тартуға болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қандай елдерге және қанша уақытқа визасыз баруға болады?

1.      Грузия (визасыз 1 жылға дейін);

2.      Армения (180күнге дейін);

3.      Албания, Әзірбайжан, Беларусь, Колумбия, Коста-Рика, Қырғызстан, Молдова, Монғолия, Намибия, Ресей, Түркия, Украина (90 күн);

4.      Аргентина, Барбадос, Бразилия, Индонезия, Оңтүстік Корея, Ливан, Мальдив аралдары, Малайзия, Біріккен Араб Әмірлігі, Сейшел аралдары, Тәжікстан, Өзбекстан, Филиппин аралдары, Эквадор, Сербия (30 күн);

5.      Гонконг (14 күн);

6.      Черногория (жаз мегілінде 1 айға);

7.      Тунис және Хайнань аралы (туристік жолдаманың мерзіміне сәйкес);

 

Визаны әуежайда қоятын елдер

Мұндай жағдайда виза алуға өтінішті әуежайда толтыруға болады. Оған бірнеше минут уақыт қана кетеді. Әр елде талап етілетін құжаттардың тізімінде айырмашылықтар бар, сондықтан алдын ала ресми сайтар арқылы нақтылап алған жөн.

Виза қою кезінде сұралатын құжаттардың стандартты пакеті: паспорт, белгілі бір көлемдегі фотосурет, баратын-қайтатын жолдың билеті, туристік растама (ваучер) немесе қонақүйді броньдау туралы растама, шотыңыздағы қаражат туралы анықтама, сауалнама мен көші-қон картасы, баж төлеу үшін ақша.

Виза қою кезінде төленетін баж мөлшері қандай?

Бангладеш — 50 доллар, визаның мерзімі — 30 дней күн;

Бурунди — 90 доллар, визаның уақыты – 30 күн;

Шығыс Тимор — 30 доллар , визаның мерзімі - 30 дней.

Вьетнам — виза алу үшін акредиттелген туристік фирманың шақырту хаты қажет, бір реттік визаның бағасы – 25 доллар;

Гренада —қазақстандық турстер үшін визаның мерзімі -90 күн;

Доминикана — елге келгенде – 10 доллар, қайтқанда – 20 доллар төлеу керек. Визаның мерзімі 30-60 күн;

Джибути — 30 доллар, виза – 30 күн;  

Замбия — 50 доллар, виза – 30 күн. Бұл визамен Зимбабве мен Ботсванаға барып келуге болады;

Египет — 25 доллар, виза – 30 күн;  

Кабо-Верде — 25 еуро, виза – 30 күн;

Иордания — 57 доллар, виза – 30 күн;

Лаос —30 доллар, виза – 30 күн. Бұл визаны елдің ішінде жүріп ұзартуға болады;

Маврикий — елден шығарда 17 доллар төлеуді ұмытпаңыз. Визаның мерзімі – 60 күн;

Мадагаскар —65 доллар, виза – 90 күн;

Макао — 12 доллар, виза – 30 күн;

Мозамбик — визаны Мапуту әуежайынан ғана алуға болады. Визаның бағасы мен мерзімі – 30 күнге 25 доллар.

Непал — 30 доллар, виза – 30 күн. Қайтарда тағы 17 доллар төлеу қажет;

Палау —  50 доллар,  виза 30 күн;

Таиланд — қазір бұл елде виза үшін төлем алынбайды. Бұрынғы бағасы 60 доллар, мерзімі – 15 күн болатын;  

Ямайка — 100 доллар, виза – 30 күн Қайтарда тағы 20-25 доллар төленеді;

 

Онлайн алуға болатын визалар

Визаны онлайн алу кезекте тұруды қажет етпейді. Барлық қажетті құжаттарды жинақтап, баж төлеп, бірнеше күн немесе сағат ішінде виза алуға болады. Алайда визаға өтінішті жолға шығатын уақытқа 30 күн қалғанда жазып бастау керек.

Онлайн-виза рәсімдеуге болатын елдердің тізімі:

Кения;

Камбоджа;

Зимбабве;

Габон;

Мьянма;

Кот-д’Ивуар;

Үндістан;

Сент-Китс и Невис;

Сан-Томе и Принсипи;

Руанда;

Уганда;

Сингапур;

Шри-Ланка.

 

Дереккөз: aviasales.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу