Аягөз қаласында 9 маусымда қоғамдық көліктер тегін жүреді
9 маусым күні Аягөз қаласында сағат 07.00-ден 13.00-ге дейін қоғамдық көлікте адамдар тегін жүре алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Аягөз ауданы әкімдігінің әлеуметтік желіде құрылған тобында жарияланды.
- Құрметті Аягөз қаласының тұрғындары! 9 маусым президенттік сайлау күніне орай Аягөз қаласында таңғы сағат 07:00-ден 13:00-ге дейін қоғамдық көліктер тегін жүреді, - деп жазылған таралған хабарламада.
Оқи отырыңыз