KZ
Өскемен
-3°
переменная облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

Сайлау күні автобус пен трамвай тегін - Өскемен

8.01.2021, 14:20 237
10 қаңтар күні баршамыз үшін маңызды оқиға өтеді – Қазақстан Республикасының Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлау.

Тұрғындарға ыңғайлы болсын деген ниетпен қала әкімдігі көлік компаниялармен бірлесе 10 қаңтар күні қоғамдық көліктерде тегін жол жүруді қамтамасыз етпек.

Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жазды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл күні трамвайлар сағат 5.30-дан 23.00-ге дейін жұмыс істейді, № 1, 3, 4 бағыттар бойынша 10 трамвай жүреді.

Автобустар мен микроавтобустардың жұмысы сағат 6.30-да басталып сағат 21.00-ге дейін жалғасады. Қала ішінде № 1, 2, 3, 4, 6, 6б, 7, 8, 10, 12, 13, 14, 17, 19, 24, 25, 27, 32, 33, 38, 42, 47, 43, 46, 53, 54, 55, 58, 60, 67, 71, 224, 228, 229, 230, 246, 250, 255, 256, 261, 260, 262, 351, 352, 356, 357 бағыттар бойынша 253 қоғамдық көліктің қатынауы қарастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив