Теңгенің тағы құны түсіп барады
Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 382,53 теңгені құрады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (381,68 теңге/$1) ұлттық валюта 0,85 теңгеге арзандады. KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 382,3 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 382,68 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 31,12 миллион долларды құрады.
Ақша айырбастау пункттерінде америкалық долларды сатудың курсы 382-384 теңгені құрап отыр.
Сондай-ақ, Brent маркалы мұнайдың бағасы бүгін барреліне 64,58 теңгені құрады.