KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 5 м/с, З
494.87 520.65 4.91

Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 37 пайызға өскен

29.05.2019, 05:45 271

2018 жылы Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 37 пайызға өсіп, 2,24 миллиард АҚШ долларын құрады. Бұл жөнінде АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозер Парламент сенатының спикері Дариға Назарбаевамен кездесуі барысында мәлім етті.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Әсіресе сауда-экономикалық әріптестік жайы сөз болды.

– Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 37 пайызға өсіп, 2,24 миллиард долларды құрады. Бұл ретте Қазақстанның АҚШ-қа экспорты 2,5 есеге өскенін атап өткен абзал. Бұл тамаша көрсеткіш, – деді Уильям Мозер.
АҚШ елшісі, сондай-ақ америкалық компаниялар ЕАЭО мен Қытай нарығына ет өнімдерін экспорттау жөніндегі бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу