KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 1 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да неше бала мектеп бітірді?

25.05.2019, 04:36 132

 

Міне, тағы бір оқу жылы аяқталды. Жас түлектерді қимас сезімге бөлеп, соңғы қоңырау соғылды. Облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова Таврия орта мектебінде өткен соңғы қоңырау мерекесіне қатысып, жиналған қауымға жылы лебізін білдірді.

- Бүгін сендер үшін өте маңызды күн. Өмірдің бір белесіне қадам бастыңдар. Алдағы өмірлеріңе тек сәттілік тілеймін. Мәртебелі оқу орындарына түсіп, еліміздің дамуына үлес қосатын мықты маман болыңдар. Білім қуып ешқайда кетудің қажеті жоқ. Ол үшін облыста барлық жағдай жасалған. Осы мақсатқа биыл облыстық бюджеттен 400 грант бөлінген, - деді Әсем Нүсіпова.

Салтанатты шара барысында облыс әкімінің орынбасары мектептегі ІТ және роботты теxника сыныптарын аралап, оқушылардың жұмысына оң бағасын берді. Бұдан соң Әсем Нүсіпова аталмыш білім ошағындағы музей мен кітапxананы аралап, оқушыларды патриот болуға шақырды.

Айта кетейік, өңірімізде 655 мектеп жұмыс істейді. Ал сол білім ошақтарында 184 671 бала оқып жатыр. Биыл соның 15261-і 9-сыныпты бітірсе, 8490-ы 11-сыныпты аяқтап, үлкен өмірге қадам баспақ.

Мектеп бітіруші түлектерді енді алда үлкен сын күтіп тұр. Жалпы биыл облыс бойынша мектеп бітіргелі отырған 8490 түлектің 658-і алтын белгіден, ал 383-і үздік атестаттан үміткер екенін атап өткен орынды.

Тавриядағы орта мектептің директоры Мұxамедсапа Мұxитовтың айтуынша, биыл 17 түлек қолдарына атестат алып, үлкен өмірге жолдама алмақ.

- Жетеуі ҰБТ тапсырады. Ал қалған оны облыстағы колледждерге оқуға түседі. Жалпы соңғы жылдары біздің балалар жұмысшы мамандықтарына бет бұруда, - дейді мектеп директоры.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив