Ержан Мақсымның жеке концертінде Димаш Құдайберген ән сала ма?
Жас әнші Ержан Мақсымның концертіне Димаш Құдайберген қатыса ма? Бұл сұраққа Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ержан Мақсымның концерті 28 маусым күні астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында болады. Басталуы сағат 19:00-де.
– Бірден кесіп ештеңе айтпаймын. Әлі келісімшарт жасалған жоқ. Бірақ ресейлік Валерий Меладзенің қуана-қуана келісім бергені бәріңізге мәлім. Сол секілді біздің Ержандай жас талантты өнердегі ағалары көптеп қолдап келгенін қалаймыз, – деді министр.
Ержан Мақсым – қазақстандық талантты жас әнші. Еуразия арнасындағы «Голос Дети» байқауы арқылы кең танымалдыққа ие болды. Аталмыш байқаудың екінші орынын алды.