KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 7 м/с, ОШ
529.65 544.64 5.16

«Балалық шақтың бояуы» қай түсте болады?

21.05.2019, 04:50 136

Ересектердің бәрі де бала болған. Бәрі де балалардың өмірді қандай таза, мөлдір қалпында қабылдайтынын біледі. Сондықтан да кез келген адам «сәби болғым келеді» деп, «ит тірліктен» қашып құтылуды армандайды. Бұл мүмкін болмаса да, аз уақытқа болсын «саяхаттап», демалып қайтуға мүмкіндіктер бар: Өскеменде «Балалық шықтың бояуы» атты Жұлдыз өнер мектебінің жас суретшілерінің көрмесі ашылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Қазіргі суретшілер мектебі сан түрлі шығармашылық бағытта дамып келеді. Бояулардың нешетүрлілігімен ғана емес, орындау техникасының да саналуандығымен ерекшеленеді. Балалар гуаш, пастель, акварель, майлы бояу, батик сынды бояуларды пайдалану тәсілдерін меңгеріп жатқаны олардың туындыларынан айқын байқалады, – дейді Жұлдыз өнер мектебінің қызметкері.

Көрме қаладағы үлкен этносаябақта 23 мамыр күні сағат 15:00-де ашылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу