Демалыс күндері жаңбырлы әрі суық болады
Демалыс күндері Оралдан келетін суық атмосфера фронттарының әсерінен республиканың көптеген аймағында жаңбыр жауып, ауа температурасы тағы төмендейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі
Синопитктер сөзіне сенсек, Солтүстік Оралдан суық әрі ылғалды ауа массалары келеді. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта және шығыс аймақтарда жаңбыр жауып, жел күшейеді.
– Сенбі күні оңтүстікте, жексенбі күні оңтүстік-шығыста, дүйсенбі күні солтүстік пен орталықтың және шығыстың кей жерлерінде нөсер жаууы ықтимал. Республиканың батысына Ресейдің Еуропа бөлігінен біртіндеп антициклон жылжиды, сондықтан мұнда жауын-шашын тоқтап, солтүстіктің тропосфера ағындары ауа температурасын төмендетеді, – деп жазылған «Қазгидромет» хабарламасында.