Өскеменде барлығы қанша фонтан бар?
Қазіргі уақытта облыс орталығының әр жерінде 14 субұрқақ іске қосылды және тағы үшеуі жөндеуден өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Республика алаңында жарық-музыка субұрқақтары жұмыс ісеп тұр, тағы төрт фонтан облыстық драма театры мен С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да. Сондай-ақ, Металлургтер мәдениет үйі мен «Ертіс концерт», әуежай ауласы, амфитеатр, облыстық мешіттің жаны және Қазақстан көшелесіндегі орталық дүкеннің маңында тұр.
Жоғарыда айтылып кеткен жөндеудегі 3 субұрқақ - Гагарин бульвары, Чайка дүкені, сондай-ақ Чехов және Горький көшелерінің қиылысында іске қосылады деп жоспарланған.
Қалалық әкімдіктің айтуы бойынша, ағымдағы жылы субұрқақтар қайта жөндеуден өткізілмейді.
Зарина Нұрахметова