Семейде клиентінің телефонын тарып алған такси жүргізушісі жауапқа тартылды
Семейде такси жүргізушісі клиентінің телефонын тартып алған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Полиция мәліметіне сүйенсек, 30 жастағы қала тұрғыны таксимен жетер жеріне жетіп алып, қызмет ақысын төлеуден бас тартқан. Әйел адамның неліктен бұндай әрекетке барғаны белгісіз. Осы сәтте жүргізуші оның «Samsung Galaxy A5» маркалы смартфонын күштеп тартып алған.
– ҚР қылмыстық кодексінің 389 бабы 1 тармағы бойынша такси жүргізушісіне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.