KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
443.35 475.54 4.82

Ұланда еркін күрестен облыстық жарыс өтті

13.05.2019, 10:43 161

Мамай батыр ауылында еркін күрестен Жастар жылы мен Отан қорғаушылар күніне орайластырылған облыстық жарыс өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жарыстың салтанатты ашылуына облыстық еркін күрес, грек-рим күресі және әйелдер күресі федерациясының президенті М.Мұзапаров, денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Құстыбаев пен Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, кикбокстан бес дүркін Әлем чемпионы А.Можанов қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. 

Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің маманы Н.Үйсембаеваның мәліметінше, додаға Өскемен мен Риддер қалаларынан, сонымен қатар Алтай, Глубокое, Жарма, Зайсан, Көкпекті, Тарбағатай және Ұлан аудандарынан барлығы 190-ға жуық спортшы қатысып, 12 салмақта өзара мықтыны анықтады. Жарыс 2007-2009 жылдары туған жасөспірімдер арасында өткенін айта кеткен абзал.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар атынан Құрмет грамоталарымен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Турнир қорытындысы бойынша ұландық балуандар екі алтын, бес күміс және төрт қола жүлдеге ие болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив