Қазақстанда тиын азайып кетті
Елімізде ұсақ тиын ақша азайып кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы тұрғындар әлеуметтік желіде жазып жатыр. Одамдардың айтуынша, 5 – 100 теңге аралығындағы тиындар күрт азайып кеткен. Кішігірім дүкендерде, ірі сауда орындарында да ақша қайтарымы қиындай түсіпті. Тіпті, қайтарым ақшаны ұялы телефон теңгерімі ретінде аударуды ұсынады екен.
Бұл мәселеге қатысты Ұлттық банк айналымдағы тиын санының жеткілікті екенін айтып отыр. 2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша, айналымда 2,9 миллиард дана тиын бар екен. Оның жалпы соамаы 45,3 миллиард теңгені құрайды. Бір адамға 158 дана тиыннан келеді. Ал ол ақша айналымын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшер болып табылады.
Сондай-ақ, Ұлттық банк үйлерінде жиналып қалған тиындарды банктің кез келген филиалында банкноттарға айырбастап алуға болатынын ескертеді.