KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Анасы ұйықтап кеткен. Семейде 2 жасар бала терезеден құлап кете жаздады

6.05.2019, 10:42 271

Семейлік полицейлер көпқабатты тұрғын үйдің ашық тұрған терезесінен құлап кете жаздаған екі жасар сәбиді құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға И. Панфилов көшесі,34 мекен жайында тіркелді. Екінші қабаттағы пәтердің ашық тұрған терезесінің алдында отырған кішкентай баланы көрген қала тұрғыны  102 нөмеріне хабарласып, көмек шақырған. Себебі, көршілері пәтердің есігін жарты сағат қаққанмен есікті ешкім ашпаған.

 Аталған мекенжайға патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары бар «Барыс-13» жедел экипаж  мүшелері жеткен. Құрамында полиция  лейтенанты  Данияр Тоқтамысов пен кіші лейтенант Асхат Әлкебаев бар.

 Оқиға орнына қосымша көмек шақырылады. Бірақ құтқарушылар жеткенге дейін полиция қызметкерлері патрульдік машинаны үйдің қабырғасына жақындатып, төбесіне  баспалдақ қойып терезенің алдында отырған баланы түсіріп алады.

Араға уақыт салып сәбидің анасы да келген. Айтуынша, қатты ұйықтап кеткен екен. Бірақ сараптама кезінде оның жеңіл дәрежеде мас екені анықталды.

 «Құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде 2 жастағы қыз бала аман қалды. Өйткені жылап, мазасы кеткен сәби кез-келген уақытта ашық терезеден құлап кетуі мүмкін еді. Сондықтан полиция қызметкерлері уақыт жоғалтпауға тырысқан. Ал сәбиін  қараусыз қалдырып кеткен 33 жастағы ана әкімшілік жауапкершілікке тартылады»,- деді қалалық Полиция басқармасының баспасөз хатшысы Елубек Оспанов.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу