KZ
Өскемен
-13°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Менингит таралатын маусым басталды. Аурудың алғашқы белгілері қандай?

6.05.2019, 06:03 575

Денсаулықсақтау органдары вирусты менингит таралатын маусымның басталғанын ескертеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

– Жаз мезгілінде вирусты менингит оқиғалары жиі тіркеледі. Себебі жазда адамдар суға көп шомылады. Күн сәулесінің судың бетін қыздыруы, энтеровирустың көбеюіне әсер етеді, – дейді Қоғамдық денсаулықсақтау департаментінің басшысы Садуақас Байтабұлов.

 

Сондай-ақ вирус жеміс-жидектер мен көкөністер және адамдар көп шоғырланған жерлерде ауа арқылы да тарайды. Әсіресе балаларға суда шомылу кезінде көбірек жұғатынын баса айтады мамандар.

 

Вирусты менингитпен көбіне 3-6 жас аралығындағы балақайлар жиі ауырады. Ересектердің аталмыш ауруға шалдығуы сирек кездеседі.

 

Менингит вирусының бастапқы белгілері: әлсіздік, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, жүрек айнуы және диарея.

 

Мамандар менингитке қарса арнайы дәрі-дәрмек немесе екпе болмағандықтан, өте қарапайым, бірақ аса маңызды бірқатар ережелерді сақтауға кеңес береді: ашық су айдындарында, фонтандарда шомылмау, қайнақ су ішу, жеке бас тазалығын сақтау, жемістер мен көкөністерді жуып-шайып жеу керек.

 

Дәрігерлер үйде өз бетінше емделеудің дұрыс еместігін айтады. Ауру асқынып кетуі мүмкін. Сол себепті алғашқы белгілер сыр бергенде-ақ медициналық көмекке жүгіну керек.

 

Аурудың алдын-алуға қатысты сұрақтар бойынша  +7 778 012 70 00 нөмеріне хабарласып, кеңес алуға болады.

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу