Ертең Өскемендіктер "Жеңіс диктантын" жазады
9 мамыр күні қарсаңында бүкіл қазақстандық «Жеңіс диктантын» жазады. Ол ертең болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл шара Нұр-Сұлтан, Алматы, Орал, Атырау, Степногорск және Өскемен қалаларында жүргізіледі. Сондай-ақ Павлодар мен Семей қаласының тұрғындары онлайн байланыс арқылы жаза алады.
– Диктант Қазақстанның біршама өңірінде болады. Негізгі ұйымдастырушы – астанадағы Ресей мәдениет және ғылым орталығы. Алаңға Ресейден құрметті қонақтар келіп, Ұлы Жеңісті мәңгі есте қалдыру керектігі және оның маңызы туралы айтып береді, – дейді Ресей өкілдігінің өкілі Константин Воробьев.
Сонымен диктант жазушылар екі лекке бөлінеді. Алғашқысы 12:00-де болса, екіншісі 16:00-де басталады.
Ал онлайн байланыс арқылы жазушылар 17:00-де бастайды.