Семейде Аймақтық коммуникациялар қызметінің филиалы ашылды
Семейде Аймақтық коммуникациялар қызметінің филиалы ашылды
"Шығыс ақпарат" медиахолдингі Семей қаласынан Аймақтық коммуникациялар қызметінің филиалын ашты. Ақпараттық орталықтың тұсаукесеріне медиахолдинг төрағасы Нұрбек Бекенов және қала әкімі Ермак Сәлімов қатысты.
Баспасөз-конференциясы барысында Н. Бекенов еліміздің рухани-мәдени орталығында коммуникациялар қызметінің ашылуы өңірдің барлық маңызды оқиғаларын жариялауға үлкен серпін беретінін жеткізді.
-Бүгінгі таңда Семей қаласында 30-ға жуық баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген. Қалада екі телеарна, бірнеше газет, радио жұмыс істейді. Осы жерде апта сайын жергілікті атқарушы билік пен жақын маңдағы аудандар, ауылдық округтер әкімдерінің қатысуымен баспасөз конференциялары өтеді. Орталықтың қызметі қала мен облыстың Ақпараттық-мемлекеттік саясатын жетілдіруге бағытталатын болады. Оның ішінде, БАҚ-да тексерілмеген мәліметтердің алдын алу және таралуының жолын кесу жұмыстары,- деді Н.Бекенов
Нұрбек Бекенов өңірде 7 жыл бойы ШҚО Ақпараттық орталығы жұмыс істейтінін айтты. Интернет - ресурстарда шектеусіз көлемде ресми және шынайы ақпаратты орналастыру, оның әр түрлі сайттарда шығуын қадағалау орталық жұмысының оң нәтижелері.
Айта кетерлік жайт, ШҚО ақпараттық орталық қызмет еткен жылдары республикалық, облыстық және қалалық БАҚ өкілдерімен, соның ішінде интернет сайттарымен тұрақты байланыс орнатып қана қоймай, сонымен қатар ШҚО әкімі мен атқарушы билік органдарының қызметі туралы жағымды ақпарат санын арта түсті. Бұл жұмыстар облыстағы қоғамдық шиеленісті жоюға көмектеседі.
- Мен барлықтарыңызды ақпараттық орталықтың ашылуымен құттықтаймын, - деді қала әкімі Ермак Сәлімов. -Тұрғындарға ақпарат жедел түрде жетуі үшін ақпараттық орталық базасында баспасөз конференциялары өтетін болады.
Ермак Сәлімов журналистерге қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Баспасөз конференциясының соңында "Шығыс Ақпарат" медиахолдингі мен "ҚАЗАҚСТАН" РТРК" АҚ Семей қаласындағы филиалы арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Семей қаласының ақпараттық орталығы