«Рудный Алтай» аймақтық газеті «Парасат» байқауының жеңімпазы атанды
БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында құрылғанына 104 жыл болған «Шығыс ақпарат» медиахолдингіне қарасты «Рудный Алтай» аймақтық газеті ұжымының еңбегі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында ерекше атап өтілді.
Газет ұжымы 2022 жылғы баспа басылымындағы үздік жарияланымына арналған «Парасат» журналистік байқауының жеңімпаздарының қатарына ілінген.
ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың өзі «Рудный Алтай» газетінің бас редакторы Ольга Шабалинаға Құрмет грамотасын табыстап, алдағы жұмысына толағай табыс тіледі.

- Бұл - заң шығару қызметінің көптеген маңызды мәселелерін газет бетінде қамтитын бүкіл ұжымының еңбегіне берілген жоғары баға. Мәселен, республикамыздың ауыл шаруашылығын дамытуға жауапты сенаторлар күні бұрын ғана Шығыс Қазақстанға іссапармен келген еді. Олар облыстың агроөнеркәсіп саласына қатысы бар шаруа қожалықтары мен серіктестіктерді аралап, шаруалармен түйткілді мәселелерді күн тәртібіне енгізіп, оларды шешуді қолға алды, - деп қуанышымен бөлісті газет редакторы Ольга Шабалина.
Айта кетейік, биыл «Парасат» байқауына 100-ден астам жұмыс келіп түсті. Авторлардың қатарында елордамызбен бірге өңірлердегі телеарна, радио, газет, ақпараттық портал және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері бар.
Оқи отырыңыз