KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 3 м/с, З
441.58 480 4.86

Өскеменде тұрмыстық қалдық үшін төленетін ақша бұрынғыдан әлдеқайда арзандады

30.04.2019, 09:21 92

Өскеменде қоқыс шығарушыларға төленетін ақша бұрынғыдан азаяды. Қоғамдық кеңес отырысында қоқысты жинау, шығару, қайта пайдалану және оны өңдеуге қатысты жаңа жоба жайы айтылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Қоқыс полигондарында биылдан бастап пластмасса, полиэтелен, пластик, макулатура және шыны бұйымдарды тастауға тыйым салынды. Себебі, қалдықты қайта кәдеге жарату керек. Сол үшін жоба дайындалып жатыр. Біз Д.Серікбаев атындағы университеттің мамандарымен бірлесіп жаңа тарифтік жоспарды да әзірледік. Егер осы жоба мәслихат отырысында мақұлданса, тұрғындар бұрынғыдан 5% аз ақша төлейтін болады, – дейді аталмыш іске өзгерісті енгізіп, тарифтік жоспарды азайтуды ұсынған қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мекемесінің қызметкері Нұрбақыт Тұрсынбекова.

Жиында жаңа жобаны тыңдаған қоғам белсенділері қарапайым халыққа арналған тұсын бірауыздан қолдап дауыс берді, бірақ заң өкілдеріне қатысты жағын құптамаған 4 адам болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив