KZ
Өскемен
+2°
ясно жел 0,7 м/с, ОШ
479.23 534.96 5.16

Семей колледждерінің 60 түлегі жұмысқа тұрды

30.04.2019, 04:42 113

Семейде «Серпін – 2050» бағдарламасымен оқу бітірген түлектерді жұмыспен қамту мақсатында бос орындар жәрмеңкесі болды. Жәрмеңкеге колледж студенттері қатысып, құрылыс, көлік және "InnovativeCollege оқу орындарының 60 жасы жұмыс берушілермен келісімге отырды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Зайсан ауданындағы компаниялардың бірі колледждердің 5-7 түлегін жұмысқа қабылдауға дайын екендігін айтты. Жас мамандар өңірдегі жол құрылысымен айналысады. Мердігер компания түлектерді тұрғын үймен және тамақпен қамтамасыз етеді, -  дейді Семей құрылыс колледжінің директоры Қайрат Тастекеев.

Айта кетейік, бүгінде ШҚО-да кәсіптік, техникалық білім беретін мекемелерде барлығы 507 жас аталмыш бағдарламамен оқып жатса, солардың 208-і әне-міне оқуды тәмамдағалы тұр.

Тағы бір ескерте кетер жәйт, осы бағдарлама түлектері «2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» бағдарламасына қатыса алады.  Бағдарлама «Еңбек» деп аталады. Осы арқылы тұрғын үйді жалға алу үшін субсидия алуға болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив