KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СШ
485.04 525.98 5.04

Қазақстан Құрылысшылар одағы сайлауға өз үміткерін ұсынды

28.04.2019, 02:53 316

 

Қазақстан құрылысшылар одағы Талғат Ерғалиевті ҚР Президенттігіне үміткер ретінде ұсынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

– 2019 жылғы 27 сәуірде «Қазақстан Құрылысшылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігі» Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде Талғат Файзуллаұлы Ерғалиевтің құжаттарын ұсынды, –  жазды ҚР Орталық сайлау комиссиясының ресми сайты.

 

Талғат Ерғалиев 1966 жылы Ақмола облысында туған. Агротехникалық университетті бітірген, инженер-механик. Оқытушы болып жұмыс істеген және кәсіпкерлік қызметпен айналысқан. 

 

1991-1992 жж. – Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетінің оқытушысы, инженерлік-педагогикалық факультеті деканының орынбасары. 

 

1993-1999 жж. – сауда компаниясының директоры. 

 

1999-2002 жж. – Қарашағанақ кен орнында «АксайИнвестСтрой» компаниясының басшысы. 

 

2004 жылы «Стройкласс» ҚК ЖШС-ін құрған, жоба-менеджері. 

 

2010 жылдан бері «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясы Орталық кеңесінің өңірлік саясат бойынша хатшысы. 

 

2012-2016 жылдары бесінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының мүшесі болды. 

 

2017 жылдан бастап - «Қазақстан Құрылысшылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы. Үйленген, үш баласы бар.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив