Өскемендегі оталған қарағайлардың орынына фонтан орнатылады
Өскеменде шабылған қарағайлардың орнына фонтан орнатады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Естеріңізде болса, кеше Бейбітшілік-Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысындағы қарағайларды аралап, шауып жатқаны туралы жазып едік. Арбат үшін.
Қалалық әкімдік Арбатқа айналатын Бейбітшілік көшесінде фонтан, балалардың ойнау алаңы және басқа да архитектуралық құрылыстар салынатынын айтты.
Сондай-ақ олар Нұрмағамбетов көшесіндегі ағаштарға тимейтініне уәде етті. Десе де, кеше аталмыш көше бойындағы бір ағаш шауылып кеткенін айта кетейік.
– Бұл жерде қанша ағаш шабылған болса, біз одан бес есе көп көшет отырғызамыз, – деп сендірді әкімдіктің баспасөз қызметкері.
Мәліметтеріне сенсек, биыл 12 000 көшет отырғызылуы керек екен. Осыған дейін соның 1000-ын егіп тастапты.