Бәрі де Арбат үшін: Өскеменде ағаштар оталып жатыр
Сағадат Нұрмағамбетов-Бейбітшілік көшелерінің қиылысындағы тал-дарақ араланып жатыр. Себебі, Арбат жаяу жүргіншілерге арналған көшесін салу жұмысы басталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме беріп.
– Ағаштың барлығы емес, жол жиегіне жақын тұрғандары ғана кесіледі. Бұған қоса, олардың басым бөлігі басқа жерге көшіріп отырғызуға жарамайды , – деді баспасөз қызметкері.
Сонымен жұмыс аялдама маңындағы алаңқайдан басталды. Болашақта онда балаларға арналған алаң түседі.
Оқи отырыңыз