28,2 млн теңге сомасына 23 грант берілді – ШҚО
Шығыс Қазақстанда жыл басынан бері бизнес ашуға 28,2 миллион теңге сомасына 23 грант берілген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Досхан Қайырғазинов баспасөз конференциясында айтты.
Нақтыласақ, мемлекеттік гранттың алтауы – мүгедектігі бар жастарға, біреуі АӘК алушығал, он бесі көп балалы отбасыларға берілген.
– Халықты жұмыспен қамту орталығы шарт жасалған күннен бастап он екі ай ішінде портал арқылы қаражаттың белгіленген мақсатқа пайдаланылуына мониторинг жүргізеді, – деді басқармасы басшысы.