KZ
Өскемен
-10°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
509.94 593.88 6.43

Тарбағатай ұлттық паркінде сабаншы видеоға түсірілді

27.09.2022, 11:07 557

Тарбағатай ұлттық табиғи паркінде кішкентай жыртқыш видеоға түсірілді. Видео ҚР Экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, сабаншы тесіктен өте сирек шығады, өйткені бұл - жасырын тіршілік ететін аң.

"Сабаншы – аса сақ әрі жасырын тіршілік ететін жыртқыш сүтқоректі аң. Мысықтар тұқымдасына жататын жануар денесінің бір шаршы сантиметрінде 9 мыңға дейін түк өсуі мүмкін. Сондықтан олар -50°C суыққа шыдайды. Елімізде 1976 жылдан бастап сабаншыны аулауға тиым салынған", - делінген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу